"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психикалық дамуы тежелген оқушыларға тіл үйретудің ерекшелігі

25.12.2020

Түзете дамыта оқыту  сыныптарындағы психикалық дамуы тежелген оқушылар ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес білім алады. Психикалық дамуы тежелген балалардың бір бөлігінің сөйлеу тіліннің жүйелі түрдегі бұзылыстары болады, ал бұл олардың  тақырыпты меңгерулеріне кедергі келтіреді. Осы оқушыларды оқытудағы түзету міндеттерінің біріне сөйлеу тілін жан- жақты дамыту жатады. Оқушылардың тілін дамыту- қазіргі кезде оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе. Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне сай тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және мазмұндама мен шығарма жаздыру арқылы жүзеге асырылады.
Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқытуда тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта ұйымдастырылады.
Сабақты түсіндіру барысында психикалық дамуы тежелген  баламен қарым-қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне баурап алуы.
Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдалануы.
Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары, қазақ баласының халықтық ұғымына таныс, жеңіл болуы.
Тіл дамытуда мақал – мәтелдер, мысалдар, өлең-жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер таңдалып алынуы.
Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйретіп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету.

Осындай  мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі -  оқушы тілін дамыту. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бір- жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін тапқызу .Бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы.  Атап айтсақ, айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген кинолары психикалық дамуы тежелген баланың ойлау әрекетін дамытады, және қортынды жасай білуге үйренеді. Тілді дамытуда ертегілердің атқаратын маңызы зор. Ертегілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұныны қайталап айтып беруі сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады. Психикалық дамуы тежелген бала тілін дамыту мен тілді үйретудің жолдары бар. Тіл дамытудың қандай түрі болсын, бәрі бала тілін дамытуға, жазу және тіл мәдениетін жетілдіруге бағытталады.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамыту кезіндегі логопедиялық сабақтарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолданса, олардың сөйлеу тілін дамытуда және жеке дамуына ілгері әсерін тигізеді. Стандартты оқыту бағдарламасына сәйкес келетін негізгі лексикалық тақырыптар бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін сұрыптап орын –орнымен қолдана алсақ, басқа тілден аударып немесе материал жоқ деген себептерге соқтықпай сабағымызды нәтижелі өткізуге болады.
Даму мүмкіндіктері уақытша шектелген балалармен жүргізілетін қандай жұмыс болмасын оқушыларды қоршаған өмірге биімдеуге , олардың сөйлеу тілін ой - өрісін дамытуға негізделуге тиіс .Мұғалім олардың ойлау белсенділігін арттырып, білім алуға деген ынтасын оята алатын жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады. Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді:
1. Әңгіме айту, түсіндіру, әңгімелесу, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу.
2. Көрнекі әдістері: қызықты тақырыпқа сай көрнекі құралдар болу керек.
3. Осы өтетін тақырып практикалық әдістер болу керек .

Просмотров: 304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст