"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Никольск ауылы № 1 жалпы орта білім беретің мектебі» КММ 2021 жылы бойынша мемлекеттік қызмет қөрсету туралы ЕСЕПТЕМЕ

«Никольск ауылы № 1 жалпы орта білім беретің мектебі» КММ

2021 жылы бойынша  мемлекеттік қызмет қөрсету туралы

ЕСЕПТЕМЕ

            Біздің алдымызда Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде азаматтарымыздың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін құру міндеті тұр. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы айтқанда, олар адам өмірінің барлық салалары мен бүкіл кезеңін қамтитынын атап өту қажет. Туған сәттен бастап адам өмір бойы мемлекеттік қызметтерді алу арқылы мемлекетпен тығыз байланыста болады.

            «Никольск ауылының  № 1 жалпы орта білім беретің мектебі» КММ келесі мемлекеттік қызметтерді атқарады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына, "Бұланды ауданының білім беру бөлімі" ММ-нің "Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" бұйрығына сәйкес "Никольское ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де келесі қызметтер көрсетіледі:  

1.  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" туралы 2021 жылы 27 мемелекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдар арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау туралы 2021 жылы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.

3. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру. 2021 жылы  қызмет көрсетілмеген. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.

  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау. 2021 жылы  қызмет көрсетілмеген,Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.
  2. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру 2021 жылы 1 қызмет көрсетілді,Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.
  3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» туралы 2021 жылы  мемлекеттік қызмет көрсетілмеген. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.

 

Жалпы мәліметтер

            Мемлекеттік қызмет көрсетуде тиімді жұмыс жүргізу мақсатында 2020 жылында "Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ келесі жұмыс түрлері жүзеге асырылды:

  1.  Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар туралы бұйрықтар жарияланды;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету журналы жүргізіледі.

            Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен регламенттер, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтары бар стендтер бар.

            2021 жылы мектеп директоры Ж.К.Шахатованың басшылығымен "Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де ата-аналарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлерін түсіндіру және мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып, өткізілді. Онда актуалды мәселелер қаралды. Жыл қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысына талдау және жалпылау жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ, қызмет көрсету бойынша азаматтардан шағымдар түскен жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

            Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі стендте, сондай-ақ ресми сайтта орналасқан.

 Мемлекеттік қызметті көрсету заңды өкілдері, ата-аналар, қамқоршылар және т.б. құжаттардың толық пакетін (оқуға қабылдау туралы өтініш, туу туралы куәліктің көшірмесі, баланың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (бар болса); бала және заңды өкілдері туралы мәліметтер бар сауалнама, денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынған кезде ғана жүзеге асырылады. Содан кейін, ұсынылған құжаттар негізінде, мектеп директорының нұсқауынан кейін қабылдау туралы бұйрық жасалады. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға мемлекеттік қызметті алушылардың заңды өкілдерінен қажетті құжаттарды алғаны туралы қолхат толтырады, қолхаттың түпнұсқасы оқушының жеке ісінде жеке файлда сақталады, онда мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттардың толық пакеті сақталады, ал көшірмесін жауапты тұлға заңды өкілге береді. Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін бас тарту себептерін жазбаша негіздеумен ұсынуы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.    

 

Жұмыс принциптері

Қызмет көрсетудің негізгі принциптері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

2) Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

3) Мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) Мемлекеттік қызметті уақтылы ұсыну;

5) Әдептілік және сыпайылық. 

№ п/п Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді Атауы қызметтер Нысанын жүктеу Қызмет online
1 2 3 4 5
1 403007 Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Инструкция получения электронной услуги
2 403008 Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Инструкция получения электронной услуги
Жаңартылған күні: 10.04.2020 13:06
Құрылған күні: 01.03.2022 09:25

Текст