"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Jқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында атқарылған жұмыс

Елтай орта мектебінің оқушыларға кәсіптік бағдар беру

 мақсатында атқарылған жұмыс

“Мамандық таңдаудың психологиялық маңызы”:

  • Тек ақпараттанған адам ғана шешім қабылдай алады. Бұл тек мамандық таңдауға ғана емес біздің өміріміздің барлық саласына қатысы бар. Сонымен мамандық таңдаудың бірінші кірпіші: ақпараттың болуы.
  • “Басқа баратын жерім болмады” деу бұл өз тағдырына немқұрайлы қарайтын адамның, өз тағдырының иесі емес, өзін адам ретінде, жеке тұлға ретінде бағаламайтын адамның сөзі деп қарастыруға болады. Адам өзінің автономдылығын сезінбеген жағдайда ғана өзін-өзі бағаламайды екен. Ал автономдылық дегеніміз не? Өзінің өзгелерден ерекшелігін сезінетін, өз тағдыры үшін өзі ғана жауап бере алатын, өз өміріндегі таңдауларды өзі жасауға жауапкершілікті ала-алатын, өз өмірінің иесі.

-Автономдылық – бұл мамандық таңдаудың екінші кірпіші болып табылады.

-Үшінші кірпіші – шешім қабылдай алу.

-Төртінші кірпіші – жоспар құра алу,жоспарлау.

-Бесінші кірпіші – таңдауға эмоционалдық тұрғыда қарау.

  1. Кәсіби бағдар беру бойынша анықтама мамандықтар туралы сауаттылығын арттыру: Мамандықтардың болашақ кәсібі айқындалуларында тигізетін әсерін түсіндірілді.
  2. 9-11сыныпта окушыларына арналған бағдарлама:

- «Адам-техника» «Адам көркем образ», «Қызығушылық картасы», «Еңбек жетістікке жетуге көмектеседі» әңгіме мамандықтарының психологиялық ерекшеліктері әр сала мамандармен әңгіме-сұхбат «Менің дұрыс таңдауым» тақырыбында шығармашылық жұмыстар. Әр оқушының өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.

  1. Осы мақсатта кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс Елтай орта мектебінің оқушылары арасында  жүгізілді. Кәсіби бағдар беру бойынша жұмысы бойынша мамандық таңдау туралы жұмыстар ұйымдастырылды:

- 11- сынып оқушыларымен «Менің мамандығым менің таңдауым» атты мамандық таңдау жолдары туралышағын әнгіме жүргізілді.

                     9-11 сынып оқушыларымен ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының мамандары «Өз мамандығынды таңда» тақырыбында кездесу өткізді, Щучинск қаласының педагогикалық колледжінен мамандар кездесу ұйымдастырды.

                     9-11 сынып оқушыларымен Темір жол, аурухана ұйымдардың өкілдермен еңбек әулеттері өкілдермен өткізілген кездесулер болды.

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 11.05.2020 15:18
Құрылған күні: 11.05.2020 15:18

Текст