12.10.2020
"Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз"деп тұңғыш президентіміз айтқандай бүгінгі жас буынның заман талабына сай білім алуы - мектебіміздің басты талаптарының бірі.Тек қана мектеп бағдарламасы оқулық пен шектелмей, Жаңашыл жас ұстаздарымыз интернет рессурстарын тиімді пайдаланып, оқушыларды әр түрлі онлайн жобаларға қатыстырып, талапты еңбектерінің нәтижесін көрсетті.
Атап айтар болсақ,"Азаматтық бастамаларды қолдау" орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылы ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларына Ағылшын тілін үйрету және компьютерлік сауаттылықтарын арттырумен қатар Қазақстан Волонтерлік альянысы волонтерлікті жалпы трентке айналдыру үшін жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу және волонтерлік көңіл күйді дамыту мақсатында "Birgemiz: Bilim" жобасы құрылған болатын. Осы жоба аясында оқушылардың жазғы демалыс уақытында IQ лагері жұмыс жасап, сол жұмысқа мектебіміздің жас мамандары мен оқушылары белсенді қатысқан еді. Нәтижесінде оқушыларымыз жүлделі орындарды қанжығалады.
Республикалық "Birgemiz: Bilim" жобасының жетекшісі Асқарова Лязат Қажытаевна мектебімізге келіп, жоба сарапшыларының қорытындысы бойынша келесі оқушылар екі кезеңнің жеңімпаздары атанды:
Ақылбек Ақсұңқар ноутбук иегері
Ережепова Арайлым ноутбук иегері
Бердімұрат Жәнібек планшет иегері
Болыс Гүлмира планшет иегері
Хұрметбек Ұлықпан робототехтка иегері
Мақсат Гүлжібек планшет иегері атанып және дипломдармен марапатталды, ұстаздарымыз Математика пәні мұғалімі Молдан Өмірбек, физика пәні мұғалімі Тойлыбай Жанарбек мұғалімдерге ризашылығын айтып, алғыс хат және сертификат табыс етті.