Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдар атқаратын педагогтерді аттестаттау (бұдан әрі – педагог) мынадай кезеңдерді қамтиды:
педагогтер үшін:
1) Ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілік санатын беру (растау) рәсімі;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшін:
1) біліктілік бағалау;
2) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
білім беру ұйымдарының басшылары үшін:
1) Ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілік бағалау;
3) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.