Аман – сау болшы, қарттарым !
2020 – 2021 оқу жылы Елтай орта мектебінде жігерлі де, ынталы жұмыстар басталып, 1 қазан қарттар мерекесі де, келіп жетті. Қайран, уақыт. Бүгінгі қарт – қарияларымыздың бір кездері еліне, халқына, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алатынын білеміз. Қазіргі уақтта біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріп, ерекше көңіл бөлуде.Үкімет тарапынан жан – жақты қамқорлық жасалып келе жатыр.
Осыған орай жыл сайын мектебімізде қарттар күні аталып өтеді. Біздің мектеп қарт – аталарымыз бен әжелерімізге қамқорлыққа, яғни , керек кезінде көмек көрсетіп отыруға 5 – 11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілеріне жауапкершілік арттырылады .Сондай ақ ,асыл қазынамыз қарттармзға байланысты іс – шаралар үздіксіз жүргізіледі. Осы шара аясына сақтық шараларын ұстанып, ардагер аталарымыз бен әжелеріміздің үйлеріне барып, сыйлықтар таратылып, онлайын режимінде жүрек жарды құттықтаулар жіберілді. Әрдайым қарттарымыздың , денсаулықтары мықты болып ,әр күндері мерекеге толып , жүздерінен күлкі кетпей , немерелері мен балаларының қызықтарына тоймай аман сау жүре берсін демекпіз.
Елтай орта мектебінің өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі : Бигарина Р.Ж