Елтай орта мектебінде 5-18 қыркүйек аралығында Қазақстан
халықтарының тілдері күні мерекесіне орай өткізілген іс шаралар
Елтай орта мектебінде 5-18 қыркүйек аралығында Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.
7-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесінің
ашылу салтанатында оқушылар «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дегендей» үш тілде өлең тақпақтар оқып, тілге деген сүіспеншіліктерін білдірді. «Тіл достықтың айғағы» тақырыбында мектеп кітапханашысы Хаман Бибігүл шағын көрме ұйымдастырып, тіл үйренудің маңыздылығын және үш тілдің достық қатынасы жөнінде түсінік берді.
«Менің тілім, менің мақтанышым», «Мой язык - моя гордость» эссе байқауы қазақ, орыс тілдерінде 9-11 сыныптар аралығында өткізіліп, оқушылар тілге деген ой толғаныстарын жеткізе білді. Бастауыш сыныптар мен 5-6 сынып оқушылары аралығында «Тіл достықтың айнасы» тақырыбында сурет салудан сайыс өткізіліп, жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. Сонымен қатар осы жоспарда көрсетілгендей А.Құнанбаев еліне саяхат (презентация) сынып сағаты 1-11сыныптар аралығында өткізілді. 5- 11 сыныптар аралығында «Үш тұғырлы тіл» Мақал-мәтелдер сайысы үш тілде өткізілді. Бұл сайысқа оқушылар өте белсенді қатысты.
«Бала - тілі бал» бастауыш сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысына да оқушылар өте көп және белсенді қатысты. Жүлделі оқушылар марапатталды.
«Мен ағылшынша оқып үйренемін» бастауыш сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыс өткізілді. Оқушылар ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын көрсете білді. Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесінің жабылу салтанатында барлық өткізілген іс-шаралар қорытындыланып,соңында
«Ән халықтың ажары» караоке сайысы өткізілді. Оқушылар тіл туралы әндер және Абай әндерін орындады.