"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуімен танысу барысында халықтың көңілінен шыққан пікір

13.03.2018

Қазақстан

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты

халыққа үндеуімен танысу барысында халықтың көңілінен шыққан пікір

      

Қазақстан Республикасының президентінің бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеуін, ауыл халқы әрбір адам қызу талқылаулардан өткізіп жатқаны көңіл көншітер, қуантарлық жағдай. Президенттің ұсынып жатқан бұдан бұрынғы

бастама жолдауларында ресми таныстыру басымырақ болып тұратын. Бұл реткі үндеу олай болмады. Халық ешкімнің түсіндіру бастамашылдығына қарамай көңілдерінен шыққан үндеуге қызу қолдау көрсетіп жатыр. Сондықтан бұл адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған өмірге деген құлшыныс тудыратын игі бастама,

үндеу болды десек артық айтқан болмас. Үндеуде көрсетілген тұрғын үй алу, баспаналы болу ең өзекті мәселе болып отыр. Ауылдан қалаға баратын ауыл жастары үшін шешілмейтін күрмеуі бар бір мәселенің шешімі болатындай бастама болды. Ауыл халқын қуантарлық тағы да бір мәселе жалақыдан алынатын салық мөлшерінің төмендеуі және білім гранттарының қосымша 20000 ға артуы еліміздің халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен себін тигізетін серпіліс деп атауға болады. Білім алу мамандыққа ие болу келешекке деген игі бастама болашақ ұрпаққа беріліп жатқан үлкен мүмкіндік, зор үміт. Қазір ауыл халқының күнкөріс көзі мал шаруашылығы үндеудегі шағын несие беруді көбейту өзін-өзі еңбекпен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы шешімдерінің ауыл халқына берері мол.

Өздерінің кәсібін ашып, тіршілігін жақсартамын деушілерге мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан президенттің бес әлеуметтік бастамасы халықты жігерлендірген қызу қолдауға ие бастама болды.

Просмотров: 381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст