“Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани адамгершілік тәрбие беру”
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Елбасы жаңғырудың алты бағытын белгіледі:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, яғни қазіргі жастардың санасына сапалы білім мен саналы тәрбиені еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.
Мектептегі тәрбие жұмысының ағымдағы оқу жылындағы негізгі мақсаттарының бірі – оқу – тәрбие әрекетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өз Отанын сүйіп, құрметтейтін, өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре алатын құзырлы тұлға қалыптастыру болып табылады.
«Оқу мен тәрбие егіз» демекші, тәрбие саласында өткізілген іс-шараларға да мектеп оқушылары да белсене қатысады.
Мектебімізде «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Вокал» «Шахмат», «Жас эколог», «Футбол», «Мерген» «Шаңғы», «Теннис», үйірмелері жұмыс жасайды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясына бағытталған мектебімізде және аудандық деңгейде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, сол іс-шараларға мектеп оқушылары, ұстаздары белсене қатысты.
Қорыта келе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Елтай орта мектебі әр шәкірттің жан-жақты білімді, кәсіби бағытталған, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына жағдай жасауды мақсат етеді.
Білім саласындағы өзекті құндылықтар негізінде тұлғаны кәсіби қалыптастыру мен дамыту үшін жасалған жұмыс жүйесінің нәтижесінде мектебіміз осындай жетістерге қол жеткізіп отыр