Текст
Биология, химия, география онкүндігіне орай 9-сыныпта химия пәнінен «Кремний және оның қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында жаңартылған білім мазмұнынын іске асырудың әдіс-тәсілдері тиімді қолданылды. Атап айтатын болсақ, «Түрлі-түсті стикерлер», «Ойлан, жұптас» әдісі сабақ барысында қолданылып, «Kahoot»интернет ойыны арқылы сабақ қорытындысы жасалды.Cондай-ақ
Bilimland порталынан бейнежазба көрсетіліп, Жылы лебіз"әдісі арқылы оқушылар бір-біріне химиялық тілек айтты, Жаңбыр» энерджайзері арқылы сергіту сәті жасалды. Сабақ қызықты өтті.