"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы бойынша 2016-2017 оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар есептемесі

24.01.2017

Елтай орта

мектебінің 2016-2017 оқу жылының

І жартыжылдықта  тәрбие жұмысы бойынша

атқарылған іс-шаралар ептемесі.

 

          2016-2017оқу жылының басында мектебімізде 187 оқушы білім алады. Жарты жыл бойы

оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздарымыз аянбай еңбек етуде. Мектебімізде көп балалы отбасында 35 оқушы бар, тұрмысы төмен отбасында 12 оқушы, қамқорлыққа алынған 2 оқушы  бар. Мектебіміз бойынша 6 оқушы мектеп тарапынан тегін тамақтанады.

           Мұғалім – мектептің тірегі ғана емес, білім, тәрбие беруде шешуші тұлға. Сондықтан, олардың білімі терең, әдістемелік шеберлігі жоғары дәрежеде болуы керектігін білеміз. Сабақ үрдісінің әдіс-тәсілдерін шыңдай түсу мақсатымен мектеп ұстаздары семинар, курстардан жоспарлы түрде өтуде. Мектебімізде  4 әдістемелік пәнбірлестіктері жұмыс жасайды. Әр пән апталықтарында жоспарланған мектепішілік іс-шаралар уақытында сапалы өткізіледі. Қызықты да тартымды өткізілген әдеби кеш, зияткерлік сайыс, пікірсайыс т.б сыныптар оқушылардың және ата-аналардың көңілінен шыға біледі. Апталықта өткізілген іс-шараларға қатысқан оқушылар

марапатталады.

Тәрбие үрдісін басқару, сынып жетекшісі болу – күрделі іс. Сынып ұжымын ұйымдастыру және дамыту,

тұлғаны қалыптастыру – сынып жетекшінің тікелей міндеті.

         Сынып жетекшілер бірлестігінің – 13 мүшесі бар. Сынып жетекшілердің 3 мұғалім орта арнаулы, 10 мұғалім жоғары білімді. Жоспарланған жоспарға сәйкес сынып жетекшілері жылда дәстүрлі сынып жетекшілеріне арналған

біліктілігін көтеру курстарынан және аудандық деңгейде ұйымдастырылған семинарларға жиі қатысып сертификаттар алуда.

Мектептегі тәрбие жұмысының өткен оқу жылындағы негізгі мақсаттарының бірі – оқу – тәрбие әрекетінде өз Отанын сүйіп, құрметтейтін, өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре алатын құзырлы

тұлға қалыптастыру болып табылады.

          «Оқу мен тәрбие егіз» демекші, тәрбие саласында өткізілген іс-шараларға да мектеп оқушылары да белсене қатысады.

            Мектебімізде «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Вокал» «Шахмат», «Жас эколог», «Таңғажайып жасыл әлем», «Бояулар сыры», «Футбол», «Мерген» үйірмелері жұмыс жасайды. 

  2016 - 2017 оқу жылындағы Білім Күнінде «Мен Өз Отанымның патриотымын!» тақырыбымен  барша  оқушылар  және  аяулы  ұстаздардың  асыға  күткен 1-қыркүйек  білім күні мерекесі «Сыңғырла, Алғашқы қоңырау!» салтанатты жиыны өткізілді. Дәстүрлі мерекенің ең басты қонақтары - 1 сыныпқа

келген 15 оқушы  мектеп табалдырғын аттады.

1-қыркүйек -Білім күніне арналған салтанатты жиынының жалғасы «Мен Өз Отанымның патриотымын!» тақырыбында өткізілген сынып сағаттарымен ұласты.

«Денсаулық күніне» өткен іс-шаралар жоспар бойынша өтіп, мектеп оқушылар мен ұстаздар түгел ат салысты..

     Еңбек күні  аталмыш мерекеге байланысты 1-8 сыныптар арсында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 9-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен болашақта қандай мамандық таңдау керек және қандай мамандықтар сұранысқа ие мақсатында сынып сағаттары өткізілді.

               25 қыркүйек күні аталған мерекеге арналған 8-10 сынып оқушылары және мұғалімдерден құралған топ мектеп ауласында сенбілік атқарды. Сенбілік соңынан оқушылармен мұғалімдерден құралған командалар волейбол ойнады. Нәтижесінде 10-11 сынып оқушыларынан құралған құрама команда жеңіске жетті.  Ал ІІ орынға мұғалімдерден құралған топ иеленді.

          24 қыркүйек күні 11 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп ауласында естелік ағаштарын отырғызу ұйымдастырлып оқушылар өз қолдарымен мектеп ауласына ағаштарын отырғызды.

    «Қарты бардың қазынасы бар» дегендей Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз

етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылды.

  Атап айтатын болсақ мектебіміздің тимур командасы  Қаппас ақсақалдың үйіне барып, ұлдар атамызға, қыздар апамызға (отын кіргіздік) көмектесті.

     Сонымен қатар мектебімізде ауыл қарттарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, концертке ауыл қарттары шақырылды. Ұстаздар күніне байланысты оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар  ұйымымен

«Өзін-өзі басқару»күні жүйелі ұйымдастырылып, мектептің акт залында ұстаздарға арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты.

   Елтай орта мектебінде мектепшілік «Арайлы алтын күз»мерекелік іс-шара өткізілді. Айтылған іс-шараға 1-11 сынып оқушылары белсене қатысып барлықтары өз өнерлерін көрсетті.1-4 сынып арасында мерекелік концерт 

өткізіліп барлық ата-аналар қатысты. Ал 5-11 арасында сайыс түрінде жүргізілген іс-шара қызықты өтіп жеңімпаздар белгілі болды. Барлық сыныптар арасынан 3нөмірлік концерттік бағдарлама берілді. Оқушылардың әр қайсысы

мадақтама грамотасымен марапатталды.

Балаларды жол-көлік оқиғаларынан жарақаттанудың   алдын – алу  мақсатында  «Айналайын абайла!» сынып сағаттары ұйымдастырылды және сурет сайыстары өткізілді.

Оқушыларды жол ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын

ұғындыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту.

       2016-2017 оқу жылының І жартысындағы мереке күндерге арнайы жоспарлар жасалынып жоспар

бойынша іс-шаралар және сынып сағаттары өткізілді.  түгелдей дерлік өткізілді.

       Елтай орта мектебінде Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар  жоспарланып өткізілді. Атап айтатын болсақ «Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» атты кітапхана көрмесімен ашылды. Мектеп оқушылары түгел сол көрмеге қатысты.  Мерекелік іс-шара өзінің жалғасын «Н.А.Назарбаев жеке өмірі және Тәуелсіз Қазақстан

тарихы» атты дөңгелек үстелде тапты. Оған 10-11 сынып оқушылары белсене қатысып, тақырыпқа сай өздерінің ойларын ортаға салды. Ал бастауыш сынып оқушылары «Елін сүйген,елі сүйген -елбасы» атты сурет сайысына қатысып, мақтау қағазымен  салтанатты түрде марапатталды. Тақырыпқа сай барлық сыныптарда сынып сағаттары жүргізілді. 9-11 сынып оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен «Елбасымыз кемеңгер, Көші түзу –кемел

ел» атты шығарма жазу сайысы өткізіліп, үздіктері марапатталды. 25 қараша күні оқушылар арасында мектепшілік дойбы жарысы өткізілді. Нәтижесінде І орынға Кадир Нұртуған, ІІ орынға Құрметбек Аққайын және ІІІ орынға Құрметбек Ұлықпан иеленді.

                   Мектебімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 атаулы күн»  акциясы аясында мектепішілік жоспар құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.

        Атап айтатын болсақ мектеп кітапханашысының басқаруымен 1-20. 12.2016 күндері «Тәуелсіздік тұғырым

менің!»  тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

             16.11.2016 күні 5-8 сыныптар арасында «Мен чемпион» атты  эстафеталық жарыс дене шынықтыру

мұғалімідерінің ұйымдастырылыуымен өткізіліді. Нәтижесінде  1 орын 8-сынып, 2 орын 6а- сынып, 3 орын 7 б- сынып иеленді.

            28.11.2016 күні Ұлттық ойындарды насихаттау аясында 1-4 сыныптар арасында асық ату сайысы өткізіліп, нәтижесінде 1 орын 3 сынып оқушысы Мақсат Ж, 2 орын 3 сынып оқушысы Темиргалиева Ж., 3 орын

Талғатбек Ж. иеленді.

             09.12.2016 күні    Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 9-11 сыныптар арасында үстел теннисі  сайысы

өткізіліп жеңімпаздар марапатталды.

     05-.12 желтоқсан аралығында барлық сыныптарда тақырып аясында сынып сағаттары өткізілді.

        13.12.2016 күні    Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қазақ күресі сайысы өткізіліп жеңімпаздар марапатталды.

     15.12.2016 күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мектепішілік мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сол күні

ауылдык мерекелік концерт мектебімізде ұйымдастырылып ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концертпен жалғасын тарты.   

            Мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жол ережесін білейік – аман есен жүрейік» атты акция ұйымдастырылды. Акция аясында оқушылар ауылымыздағы жүргізушілерге жаднама таратты, ал сыныптарда осы тақырып аясында сынып сағаттары өткізілді.

    Мектебіміздің жоғарғы сынып оқушыларынан құралған   көмекші топ ауылымыздағы қарттардың үйлеріне барып су тасу, отын жинау, қар тазалау сияқты жұмыстарын атқарды.  Осы орайда мектеп әкімшілігінің

ұйымдастыруымен ауылымыздағы қарттарға сыйлықтар таратылып мерекелерімен құттықтады.      

   

Мектебімізде Тәуелсіздік мерекесі аясында «Жас Ұлан» атты  балалар бірлестігінің балалар ұйымына

мектебіміздің үздік және әртүрлі сайыс жеңімпаздары қабылданды.

    

Сонымен қатар мектеп ауласына жаңа жыл мерекесіне арналған қардан мүсіндер жасалынды.

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:                Аймихан М.

 

 

 

 

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст