Mектепте oқу жетістіктерін сырттaй бaғaлaуғa дaйындық жұмыстaры
Жыл басында 4,9 сынып оқушыларын ОЖСБ – ға дайындау жұмысы туралы мектепішілік іс – шара жасақталды. ОЖСБ – ға дайындауда 4,9 сынып оқушыларының тізімі, ата – аналарға, педагог қызметкерлерге, оқушыларға арналған бұрыш ұйымдастырылды.
Мектеп директорының бұйрығымен жауапты мұғалімдер белгіленді, кіші шығармашылық
топтар құрылды. Пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Ай сайын ата – ана, оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілді.
4,9 сынып оқушыларының даму деңгейін анықтау және психологиялық жағдайларын бақылауда мектеп психологтары тренингтер жүргізді.
Оқушылар орта білімнің оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған арнайы дайындық оқу – әдістемелік құралдары бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді. Үлгерімі төмен оқушыларға жолдастық көмек ұйымдастырылып, қатемен жұмыс жүргізіп, 5 – 8 сынып материалдарын қайталатты.
4,9 сынып оқушыларының сабақтарына қатысу, оқушы білім деңгейін бағалау, саралауда бірлестік жетекшілерімен әдіскер бірлесе жұмыс жасап, қорытындысы кеңестерде айтылып отырды.
ОЖСБ нәтижелері әрбір білім беру мекемесіндегі білім сапасы туралы оқушыларды, ата – аналарды кең көлемде хабардар ету үшін пайдаланылатынды айтылып, қаперге берілді.
Төменде өзім қызмет жасап жүрген мектептің оқушыларын ОЖСБ – ға дайындау туралы
жұмыстарымды көрсеттім.
ОЖСБ-ға оқушыларды дайындау
МАҚСАТЫ:
1. 9 сынып мектеп бітірушілерді ОЖСБ – ға сапалы дайындау;
2. Оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу;
МІНДЕТТЕРІ:
Ø Соңғы нәтижеге бағытталған мұғалім құзырлығының іске асыруда педагогикалық ұжымды белсенділеу;
Ø Ата – аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Ø Әр оқушының адамгершілік және шығармашылық потенциал, танымдық талаптарын көрсету;
Ø «Мектеп бітірушінің психологиялық сүйелдемесі» психологиялық жұмысын ұйымдастыру;