Елтай орта мектебінде «Рухани жаңғыру» аясында
атқарылған жұмыстар есебі
2017-2018 оқу жылы
«Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясына бағытталған мектебімізде және аудандық деңгейде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, сол іс-шараларға мектеп оқушылары, ұстаздары белсене қатысты. Атап айтатын болсақ:
«Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында Үстел үстіндегі және ұлттық ойындар фестивалін өткізу туралы «Жастар-2017» аудандық спартакиаданың бағдарламасындағы дойбы жарысына мектебімізден 3 оқушы, шахмат жарысына 3 оқушы, үстел теннисі жарысына 2 оқушы, тоғызқұмалақ жарысына 3 оқушы, қазақ күресі жарысына 11 оқушы қатысып оның 1 оқушы 1 орын 3 оқушы 3 орын иеленіп, команда бойынша 3 орын иеленді, Жетекшісі Карагулов К.К.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында аудандық балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында пікірсайыс ұйымдастырылып мектеп командасы сол жарыста 3 орынды жеңіп алды.
Және Құдайбергенова М. «Үздік скипер» атанып меқтау грамотасымен марапатталды, Жетекшісі Аймихан М.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында ауданда өткізілген «Қобыланды батыр жырлары» сайысына мектебіміздің 8 сынып оқушысы Құдайбергенова М. қатысып бас жүлдені жеңіп алып,
облыстық сайысқа жолдама алды. Жетекшісі Таутиева А.Х.
Осы тақырып аясында мектебімізде эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндік өткізіліп көптеген
мектепішілік мерекелер мен сайыстар ұйымдастырылды. Онкүндікте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында күзгі жәрменке ұйымдастырылып оқушылар өз қолдарынан әртүрлі тағамдар пісіріп сатты және де күзгі арулар байқауы ұйымдастырылды.
Осы онкүндікте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Карагулов К.К. ұйымдастыруымен ХХІ ғасыр көшбасшысы ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта да «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында мектепішілік іс-шаралар жоспарлануда және осы бағдарлама бойынша жұмыстар жалғасын табады.
Мектеп директоры: Шахатова Ж.К.
Орындаған: Аймихан М.
Тел. 31-1-26