Махаббат пен шығармашылық педагогикасы
Ағымдағы жылдың 3-12-ақпан аралығында Елтай орта мектебінде өзін-өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі өткізілді.
Осы шараның негізгі мақсаты оқушыларды еліміздің бірінші ханымы С.А. Назарбаеваның пәнге қосқан елеулі еңбегін танытып, әдептілікке, сыпайлыққа, қамқорлыққа, татулыққа және махаббат деген киелі ұғымды бағалай білуге, сондай-ақ жақсылық нышандарына тәрбиелеу.
Осы онкүндіктің аясында мектеп әкімшілігі мен бірлестіктің мұғалімдері ашылуынан бастап әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Мәселен, мектеп кітапханасында «Алтын жүрек анамыз» атты көрме ұйымдастырылып, оқушыларды толғандырып жүрген адамгершілік пен мейірімділік, сүйіспеншілік пен достық туралы түсініктер берілді.
Сонымен қатар, осы шара барысында мәнерлеп оқудан оқушылар арасында сайыс жүргізілді. Оқушылар өз тараптарынан Отан, ана, Достық, Бейбітшілік жайлы
өлеңдер оқыды.
Қорыта келгенде, онкүндікте жақсы белсенділік танытқан оқушыларды мектеп директоры Ж.К.Шахатова мадақтау грамоталарымен марапаттады.