"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз болу – табысты жолы.

13.01.2020

Ұстаз болу – табысты жолы.

         Елімізде мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Сондықтан болар Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Мәселен, жас мамандарды ауылға тарту мақсатындағы «Дипломмен ауылға», экономикалық және жұмыспен қамту бағытындағы «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020» бағдармалардың барлығы еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.

       Сондай бағдарламалардың бірімен Тойлыбай Жанарбек өз алтын ұя мектебіне оралды. 2010-2014 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін математика мамандығы бойынша, 2015-2017 жылдары Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша тәмамдады. Қазірде Елтай орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімімін. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау, Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуметі мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да жас ұстаздың алдымдағы басты міндеті ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.

           Елтай орта мектебінде жұмыс істеу кезінде Жанарбек аға ұстаздарынан көп тәлім алып, білімімді шыңдап, көптеген курс, семинарларға қатысты. 2017 жылы «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша, 2018 жылы жаңартылған білім мазмұны және физика пәнін оқытудағы SMART технологияларды пайдалану курсын сәтті аяқтап, сертификат алды. Газет журналдарға мақалалар жазып, сайыстарға да қатыса бастады. 2017 жыл «Педагогикалық идеялардың вернисажы» атты сайысқа қатысып аудандық турда 1-орынға ие болды. 2018 жыл облыстық «педагогикалық дебют» атты жас мамандар сайысына қатысып 3 орын алып III дәрежелі дипломмен және 35000 теңгелік сертификатпен марапатталды.

           Оқушы жеңісі – мұғалім жеңісі. Оқушыларым көптеген олимпиадаларға қатысып, жүлделі орынддарға ие болып жүр. Айта кетсем, Хабыл Ербол IQANAT Республикалық олимпиадасына физика пәні бойынша қатысып, облыстық турдан жеңіп шығып, республикалық турына қатысып келді. Карабаева Ажар Nio.kz қашықтық интернет олимпиаданың жеңімпазы, ITEST.kz сайтында үздік ұпай жинап дипломмен марапатталды. Қазір Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті.  Хадис Нұртілек 2017 жылы аудандық пән олимпиададан физика пәні бойынша 3 орын, 2018 жылы 1 орын иеленіп, 2019 жылы облыстық олимпиададан 3 орынды қанжығалады. «Алтын белгі» иегері атанды. Қазірде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 1-курс студенді.

        Жастар жылы қарсаңында бой көтерген жастар корпусын дамыту жобасы Жаспроект жайында тоқтала кетсем. Бұл әлеуметтік жоба. Кез келген елді мекен қала, ауылдық жерлердегі әлеуметтік жағдайларды көтеру үшін жастардың ойлап тапқан жобалары. Арманға деген алғашқы қадамымды сынап, ол жобаға биылғы жыл Жанарбек те қатысып, 1000000 теңге көлемінде грант ұтып алды. Өз достарыммен бірлесіп Никольск ауылдық округінің жанынан компьютерлік сынып ашты. Әлеуметтік  жоба болғандықтан көп балалы аналарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге тегін компьютер үйретіп, ауылымызды көркейтуге ат салысуда. Қазіргі уақытта өмірлік маңызы бар дағдыларды дамытып, жобаларды басқару бойынша тренингтерге қатысып және ай сайынғы ментормен кездесулерді өткізіп, қоғамдық пайдалы қызметке оқыту бойынша алты айлық бағдарламаны сәтті аяқтады.

           Сөзімді қорыта келе жас ұстаз әріптестеріме айтарым: «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы мен халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.

Елтай орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі:      С.Р.Балпанова.

 

Просмотров: 879


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст