"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елтай орта мектебінің 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдығындағы тәрбие жұмысының анализі

13.01.2020

Елтай орта мектебінің 2019-2020 оқу жылының

І жартыжылдығындағы тәрбие жұмысының анализі

 

Тақырыбы: Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Мақсаты: Мектептегі тәрбие жұмысының өткен оқу жылындағы негізгі мақсаттарының бірі – оқу – тәрбие әрекетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өз Отанын сүйіп, құрметтейтін, өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре алатын құзырлы тұлға қалыптастыру болып табылады.

          2019-2020 оқу жылының басында мектебімізде 139 оқушы білім алды. Жыл бойы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздарымыз аянбай еңбек етуде. Мектебімізде көп балалы отбасында 45 оқушы бар, тұрмысы төмен отбасында 5 оқушы, Ата-анасының қамқорынан айырылған оқушылар жоқ. Мектебіміз бойынша 7 оқушы мектеп тарапынан тегін тамақтанады.

           Мұғалім – мектептің тірегі ғана емес, білім, тәрбие беруде шешуші тұлға. Сондықтан, олардың білімі терең, әдістемелік шеберлігі жоғары дәрежеде болуы керектігін білеміз. Сабақ үрдісінің әдіс-тәсілдерін шыңдай түсу мақсатымен мектеп ұстаздары семинар, курстардан жоспарлы түрде өтуде. Мектебімізде  4 әдістемелік пән бірлестіктері жұмыс жасайды. Әр пән апталықтарында жоспарланған мектепішілік іс-шаралар уақытында сапалы өткізіледі. 2019-2020 оқу жылының бірінші жартыжылдығында эстетикалық пәндер бірлестігі мен гуманитарлық пәндер бірлестіктерінің апталықтары өткізілді.  Апталықта өткізілген іс-шараларға қатысқан оқушылар марапатталады.

                 Мектебімізде «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Вокал» «Шахмат-дойбы», «Асық»,  «Футбол», «Мерген» «Шаңғы», «Теннис», «Баскетбол воллейбол», «шебер қолдар»,  «Елтану» т.б. үйірмелері жұмыс жасайды. 

        «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясына бағытталған мектебімізде және аудандық деңгейде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, сол іс-шараларға мектеп оқушылары, ұстаздары белсене қатысты. Атап айтатын болсақ:

     Ағымдағы оқу жылының І жарты жылындағы спорттық жарыстардың нәтижесі бойынша аудандық «ЖАСТАР» бағдарламасы аясында төмендегі жарыстарға қатысып келесі нәтижелерге қол жеткіздік:

  - Тоғызқұмалақтан  1- орын   ( Кадир Нүртуған, Кадир Нүрасыл, Рысбек Алтынжұлдыз)

  -Үстел теннисінен  3- орын     (Рамазанов Жалғас, Мырзабек Даулеткерей,

                      Тлекова Елнура, Тойлыбай Арай)

  • Шахматтан  5 орын  (Болыс Еркінбек, Хұрметбек Аққайын)
  • Асықтан      3 орын     (Далелхан Жалғас, Мырзабек Даулеткерей, Дәлелхан Ажар)
  • Футболдан  2 орын  ( Кадир Нұртуған, Әшім Шыңғыс,  Ганбат Есенжан, Мырзабек Даулеткерей, Рамазанов Жалғас, Хабыл Ербол, Бақытжан Танірберді, Сектаев Ерасыл, Мырзаш Ерсұлтан, Кошиков Амир, Амир Жандос, Нұрболат Рамазан)
  • Мектеп командасы аудандық Футзал, Волейбол, Күзгі кросс сайыстарына белсене қатысты

 «КОКО-КОЛА» былғары доп турнирі  бойынша:

  - кіші топ 2 орын,   - орта топ 4 орын,  -жоғары топ 4 орын

         Қараша айының 26-27 күні Щучинск қаласында 2019-2020 оқу жылындағы қысқы ойындардың ашылуына арналған шаңғы жарысына мектебіміздің оқушылары Сектаев Ерасыл, Мырзабек Дәулеткерей және Кадир Нұрасылдар қатысып келді.

       Тәуелсіздік күніне арналған Бұланды ауданының мектеп оқушыларының арасында дойбыдан ашық біріншілігінің нәтижесінде:

Рысбек Алтынжұлдыз 1-орын,  Рысбек Еркін 2-орын,  Хүрметбек Ұлықпан 5-орын,

Тұңғыш президент күніне арналған аудандық жеңіл атлетика жарысынан мектебіміздің 6-сынып оқушысы Талғатбек Жебетай мен 7-сынып оқушысы Әмірұлы Жандос 3-орынды жеңіп алды. Жаттықтырушысы: Көмекбай Бауыржан

         Мектебіміздің оқушылары "Жас Сарбаз" балалар мен жасөспірімдер арасындағы әскери-патриоттық клубына еніп ант қабылдады. Жетекшісі Карагулов К.К.

         Эстетика пəн бірлестіктерінің онкүндігі аясында 1-11 сынып қыздары және ұлдары арасында дойбы жарысы өтті. Қыздар арасынан 1-орын Хажайхан Маралжан, 2-орын Рысбек Алтынжұлдыз, 3-орын Ережепова Арайлым иеленді. Ұлдар арасынан 1-орын Болыс Еркінбек, 2-орын Еренбек Нұрсұлтан, 3-орын Рысбек Еркін иеленді.

         Тұңғыш Президенті күніне арналған мектепішілік үстел теннисінен жарыс өткізіліп нәтижесінде Хабыл Ербол 1-орын, Хұрметбек Ұлықпан 2-орын, Рамазанов Жалғас 3-орын иеленді.

         Мектебімізде Тəуелсіздік күніне арналған тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Нәтижесінде 1-орын Хұрметбек Ұлықпан. 2-орын Болатбек Ердгерей 3-орын Рысбек Еркін иеленді

         Мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Карагулов К.К. ұйымдастыруымен тұңғыш Президнт күніне арналған 10-11 сыныптар арасында əскери жарыс өткізілді. Жарыста автоматты бөлшектеу жəне жинау. Оқжатарды шашу мен жинау түрлері бойынша жүргізілді. Нәтижесінде 11-сынып 1-орын. 10А-сынып 2-орын. 10Б-сынып 3-орын иеленді.

         Мектепішілік Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қазақ күресі жарысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде: 20-25 кг салмақ дәрежесінде:
1-орын Қызмет О., 2-орын Ганбат С., 3-орын Жанарбек С.
30-35 кг салмақ дәрежесінде 1-орын Талғатбек Ж., 2-орын Мақсат Ж., 3-орын Рысбек Е.. 40-50 кг салмақ дәрежесінде 1-орын Рахимов А., 2-орын Сүлейменов А., 3-орын Мейрамбек Ғ..  60 кг жоғары салмақта 1-орын Ганбат Е., 2-орын Кадир Н., 3-орын Ашим Ш. иеленді.

            Мектебімізде эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндік өткізіліп көптеген мектепішілік мерекелер мен сайыстар ұйымдастырылды. Онкүндікте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында эстетикалық пәндер онкүндігінің аяқталуына байланысты мектепішілік жәрменке ұйымдастырылып, оқушылар өз қолдарымен дайындаған тағамдарын осы жәрменкеге әкелді. Жәрменкеде мектебіміздің Жас Ұлан біріңғай балалар мен жасөспрірімдер ұйымының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Соңынан белсенді қатысқан сыныптар мақтау грамоталарымен марапатталды

Онкүндік барысында пән мұғалімдері әр түрлі ойындар, денсаулық сақтау және дамыту, жаңартылған бағдарламаны  пайдаланып ашық сабақтар өткізді.

18 қазан күні жоспар бойынша 1-4 сыныптар арасында «Алтын күз» атты мерекелік кеш өткізілді жауапты Мешел М.  5– 11 сынып оқушылары арасында  «Күз патшайымы – 2019» байқауы өткізілді. жауапты  Молдан Ө.

22 – қыркүйек тілдер мерекесі күніне  орай   «Тіл -достықтың айнасы»  атты       мекрекелік іс – шара  үш тілде өткізілді.

25 қыркүйек  күні  мектепте «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасын сайлауы өтті. Сайлауға қатсықан  4   үміткер  өздерінің бағдарламасын мектеп оқушыларына таныстырды. Нәтижесінде мектеп Ұланбасы анықталып ұлықтау рәсімі өткізілді.

          «Қарты бардың қазынасы бар» дегендей Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде

қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылады.

       Атап айтатын болсақ мектеп кітапханасында «Қарты бардың қазынасы бар атты» көрме ұйымдастырылды.  Зейнеткерлердің үйіне барып құттықтап көмек көрсету мақсатында мектебіміздің тимур командасы  Қорған  ақсақалдың үйіне барып, ұлдар атамызға, қыздар апамызға көмектесті.

      Педагогикалық еңбек зейнеткерлерді құттықтау мақсатында мектебіміздің зейнеткерлерін  мерекелерімен құттықтап, алғыстарын алдық.

      Мектебімізде республикалық экологиялық сағат акциясы аясында және  біріңғай "Адалдық сағаты" тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп  мектеп ауласына ағаш отырғызу жұмыстары, жүргізілді.

         Мектебізде 2019 жылдың 25 қазан күні "Отбасы - тәрбие бастауы, мектеп - тәрбие жаршысы" атты бірыңғай сынып сағаттарымен оқушыларға темір жолдағы қауіпсіздік жайлы түсіндірме жұмыстар өткізілді.

          "Jargyn Joly" Республикалық ғылыми-ақпараттық танымдық-тәрбиелік порталының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткен "Ұлылардың ұлысы - Абай" атты байқауда ерекше ізденімпаздығын көрсетіп, жұмыстары үздік деп танылғаны үшін Елтай орта мектебінің 1-сынып оқушылары: Шурманов Ералы Ерболович І орын, Аман Жанерке ІІ орын иеленді. Сынып жетекшісі: Гакашина Индира Карабековнаға алғыс хат табысталды.  

         Мектебімізде бастауыш сыныптар онкүндігіне орай "Кітап білім бұлағы " атты үздік оқырмандар сайысы өтілді. Сайысқа 1 - 4 - сыныптар белсене қатысып, І орынды 4 - сынып, ІІ орынды 3 - сынып, ІІІ орынды 1,2 - сыныптар иеленді. Жауапты: ӘБ жетекшісі: Гакашина И.К және мектеп кітапханашысы Хаман Б.

         2019 жылдың 13-қарашасы күні Балаларды қорғау мақсатында «Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» атты Дүниежүзілік сабақ өткізілуі аясында мектебіміздің оқушыларына арналған бала құқықтары жайлы сабақ өткізілді.

         27-қараша күні ауданымызда өткізілген Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында "Туған жер-тұнған тарих" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аймихан М. "Рухани жаңғыру - жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие беру" тақырыбында баяндама оқып мектепте атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

         Мектебімізде Тұңғыш президент күніне арналған «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп мектепішілік мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Мектебімізде қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінің онкүндігіне 5-9 сыныптар аралығында "Ел тірегі - Елбасы" тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

         Елтай орта мектебінің 1-сыныбында "16 - желтоқсан - Тәуелсідік күні" атты сынып сағаты өтілді. Оқушылар белсене атсалысып, өз білімдерін ортаға салды. Сынып жетекшісі: Гакашина И.К

        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мектепішілік Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарланып өткізілді. Бұл жоспар бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік тұғырым менің» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1-4 сыныптар арасында «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты сурет сайысы ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебіміздің 5-сынып оқушылары Республикалық "Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды.

       Мектебімізде Бұланды аудандық полициясының подполковнигі және кәмелеттік жасқа толмаған балалардың инспекторы Мухамгалиев Т.А. 5-11 сынып оқушыларына арналған "Көпшілік орындар мен жолдағы ережелер", "Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережелері", "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу" туралы ережелермен таныстырып дәріс оқып үнпарақтар таратты.

         Оқушыларға психологиялық демеу беру мақсатында мектеп психологы төмендегідей жұмыстар атқарды: 1-сынып оқушыларымен «Мен және менің достарым» аттты тренинг өткізілді. Тұрмысы төмен отбасы мен мектепішілік есепте тұрған оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу мақсатында ата-аналардың үйлерін аралап АКТ толтырылды. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында 2-4 сынып оқушыларына арналған сауалнама алынды. Жақсы мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында  «Менің өзгерістерімді түзетіп дамыту» тақырыбында 6-8 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. 5-8 сынып оқушыларының айналасындағы адамдармен қарым қатынасын нығайту мақсатында «Кактус» тақырыбында автопортрет сурет әдісі бойынша жұмыстар жүргізілді.

                Сонымен қатар мектеп ауласына жаңа жыл мерекесіне арналған қардан мүсіндер жасалынды. Мектеп директорының қолымен бекітілген кесте бойынша дайындық тобы және 1-11 сынып оқушыларына арналған жаңа жыл ертеңгіліктері жоғары деңгейде өткізілді. Аудандық деңгейде ұйымдастырылған мектептер арасындағы жаңа жылға арналған безендіру конкурсында мектебіміз ІІ орынды жеңіп алды.

            Атқарылған жұмыстар туралы мектеп сайтына және facebook, instagram әлеуметтік  желілеріне фотоматериалдармен қоса қысқаша мәліметтер уақытылы салынды.

Мектеп директоры:                  Шахатова Ж.К.

 Орындаған: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:  Аймихан М.

Тел: 31-1-26

Просмотров: 667


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст