Бір ел –бір тағдыр
-Ордалы байтақ елім бар,
Бал өзені тулаған.
Мал кіндігі жерім бар,
Соны қорғап бағыңдар!
Бұқар жырау
Тәуелсіздік-аса қадірлі де, құрметті, абыройлы сөз. Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы аңсаған армандарының бірі еді. Тарих толқынына көз жіберсек,тәуелсіздіктің қилы да қиын жолдарының толқындарын байқаймыз.Кеудесін отқа тосқан,ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін,жерін қорғаған батырлардың салған сара іздері тарих парағында сайрап жатыр. Оған дәлел ретінде «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» , ұлт-азаттық көтеріліс , Ұлы нәубет жылдары санамызға сіңіп, тарихтан өз шекпенін киді. Бұл жолдағы батырларымыздың аты тарихт алтын әріптермен жазылып қалды. Сол күш-қайраттың сарқылмас рухы-бүгінгі ұрпаққа тәуелсіздік әкелді.Әрине, егемендік оңай жолмен келген жоқ, «жағаласып, жаға жыртысып, «Тәуелсіздік» деген Ұлы атауға ие болдық.Әрине, қасиетті ұғым.
Иә, осы тәуенлсіздікті мәңгі сақтап қалу- оны келер ұрпақтың мұрасына қалдыру-ұлылықты, парасаттылықты,пайымдылықты қажет ететін- асыл нәрсе. Осы жолда Елбасымыз өзінің сындарлы саясатымен әр жыл сайын өз жолдауын халыққа нық сеніммен бекітіп,орындалуына талап қойып отырды. Сол жолдаудың бірінде: «Бір ел,бір тағдыр» деп түйін түйген болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, ел иесі ретінде қазақ халқы да ешкімге шет қақпайлық көрсетпестен, ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін , Ата заңды айқындадық. «Қазақстан -2050» Стратегиясын қабылдадық. Ал Елбасының тапсырмасымен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табылады. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр.Оларды жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін барлық күш-жігерімен нығайту қажет.Өйткені, біз бір халықпыз-бір елміз-бір тағдырмыз!»-деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.
«Бір халық»-бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел»,бұл-барлығымыз үшін ортақ Отан
«Бір тағдыр», бұл-біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің қ\тұтасытық келбетін сақтау мүмкін емес.
«Бір ел»- бұл барлығымыз үшін ортақ Отан дейтін себебіміз, «Отан» деген үйіміздің берекесін кетірмей, шаңырағын шайқалтпай, түтінінің түзу ұшуын меңзейді. Елбасымыздың да бұл сөзді нық айтуындағы бір сенімі: еліміздің іргесін сөгілтпей, біртұтас мемлекеттің нышанын көрсету. Бұл орайда, еліміздегі әр ұлтаралық татулық, саяси белсенділік, бірауыздылық, білімділік сияқты негізгі қағидаларды әр азамат тыңғылықты орыяндауға, орындай отырып іске асыруға мүдделі. Сонымен қатар, татулық пен бірлікті бұзатын әртүрлі діни ағымдардың етек алмауына да ерекше мән беруі керек. Осы жолда, әсіресе, жастарымыз білімді, болашағы айқын, алдыңғы күнге жоспары бар азаматтарымыз бұл бағытқа бет бұруы керек.
Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері болса да, қазіргі кезде бір қазанда біте қайнауда. Бұл біздің кең қолтық, қонақжайлығымыздың белгісі емес пе! Елбасымыз кең даладай көсіліп, «Біз-көпұлтты мемлекетпіз» жар салуы да осыдан емес пе!
Бұл біздің тәуелсіз мемлекет құруымыздың бірден-бір септігі тиетін-тіреуіміздің бірі.
«Үйлену оңай, үй болу қиын» дегендей алақанымызға қондырған тәуелсіздігімізді дамыту-әр азаматтың жеңісі болып табылады. Елбасымыздың саясаты әлемге Қазақстан деген ел бар екендігін таныту болса, сол үдерісіне аянбай тер төгіп, талай жұмыстар іске асырылды. Қиындықтан өтіп, жеңіске жету-абыройлы іс. Біз осындай жолда келе жатқандығымызды әр азамат сезінуіміз керек. Тәуелсіздік даңғыл жолы осылай жалғаса берсе, біздің еліміз жеңіс тұғырымен көркейіп, әлемнің алпауыт елдерінің қатарынан көрінуі әбден мүмкін деп исеніммен айта аламыз.
Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде : «Ассамблея-барша қазақстандықтардың мүддесі!- деген болатын. Біз: « Мен – Қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!»-деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз-бір елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу- әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп қолымызбен құрған ассамблея дүниеге келгеніне 18 жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамының ажырамас бөлігіне айналды» деген Елбасы , елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған ҚХА-ның мерейтойлық XX сессиясын «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деп аталуының мәніне тоқталды.
Қорыта айтқанда, Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында еліміз еңсесін көтеріп,тәуелсіздіктің тұғыры мықты, болашағы мөлдір, халқымыз шаттық, бейбіт өмір кешуіне сенемін.
-Есімді,есімде,
Тасыды көңіл, тасыды,
Дұшпанның көңілі жасыды.
Қазақ қазақ болғалы
Көрді ме мұндай жеңісті
Басына бағы қонғалы,
Шаттанып жатты жер үсті!-
деп Бұқар жырау бабамыз айтқандай осы асыл сөздері бүгінгі күнде жалғасын тауып отыр.