Тақырып: Үлес туралы түсінік |
Мектеп: Елтай орта мектебі |
||||
Күні: 04.11.19 |
Мұғалімнің аты-жөні: Кожаканова Куаныш Темиргалиевна |
||||
Сынып: 3 |
Қатысқандар саны: 12 |
Қатыспағандар саны: 0 |
|||
Оқу мақсаттары |
3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру |
||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар үшін: |
||||
Көрнекілік негізінде үлестің пайда болуын көрсету. |
|||||
Бірқатар оқушылар үшін: |
|||||
Көрнекілік негізінде үлестерді жасау, үлестерді жазу, оқу және салыстыру. |
|||||
Кейбір оқушылар үшін: |
|||||
Өз бетімен фигураны бірдей бөлікке бөлу, үлестерді ерекшелеу. |
|||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Үлестердің жасалуын түсіндіру. Пәндік лексика және терминология: үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты, төрттен бір, үштен бір). |
||||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: Фигура неше бөлікке бөлінеді? Әр бөлікті қалай атауға болады? Қай бөлік үлкен: 1/2 немесе 1/4? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. |
|||||
Жазу: |
|||||
1/2 бөлік, 1/4 бөлікті жазыңыздар. |
|||||
Тірек білім, білік, дағдылар |
Үлестердің тұрмыстық атауы. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарлан ған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
0-2
|
Ынталандыру. – Балалар,2тоқсанның басталуымен сендерді құттықтаймын.Сол себептен біз бүгін пицца жейміз?Бірақ пицца біреу, ал біз...... |
Қағаз қиындылары, |
|||
3–9
|
Өзектендіру. BILIMLAND порталымен жұмыс |
Алма түріндегі санау материалы. Сабаққа арналған тұсаукесер. Электронды жинақ полотносы. |
|||
9–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) – Математика тілінде алманың немесе апельсиннің үлесін (бөлігін) қалай атауға, жазуға болады? (Білмейміз) – Нені үйрену керек? Бізге үлестерді атауды, жазуды, салыстыруды үйрену керек. |
|
|||
12–29
|
Жаңаны ашу. Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс орындайды. Ол қалай аталады? (Дөңгелек) – Дөңгелекті екіге бүктеңіз. – Ашыңыз. – Қанша бірдей бөлік болды? (2) – Сонымен, біз дөңгелекті тең екіге бөлдік, яғни тең екі бөлікке. Балаларға дөңгелекті тағы да ортасынан бүктеуге тура келеді. Сосын оны ашу керек. – Неше бөлік шықты? Бөлігі қалай аталады: (ширек). Тағы бүктеуге бола ма? – Неше бөлік болды? Сегіздің бір бөлігі – сегізден бір бөлік. Бөлшектердің атауларын уақыт өлшеген кезде де пайдаланады. Оқулықтағы №1 тапсырмадағы сағаттың макетін қараңыздар. Циферблат неше бөлікке бөлінген? Үлестердің атауларын сағат бөліктерімен де атайтын кездері болады. №2 тапсырмадағы сағаттың уақытын қараңыздар. Математикада үлестерді жазуға болады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Мұғалім №3 тапсырманы қарауды ұсынады, бөлшектердің жазылуына баса назар аударады. Балалар фигураның қай бөлігі боялғанын айтып, жұппен жұмыс жасайды. Өзіндік жұмыс. Оқушылар №3 (ә) тапсырманы орындайды. |
Дәптер, оқулық, дөңгелектер. |
|||
30–35
|
Жаңаны қолдану. №4 топпен орындалатын тәжірибелік жұмыс. Балалар дөңгелектерді бөліктерге бөледі. Шыққан бөліктерді салыстырады: өсу (кему) ретімен жазады, теңсіздіктерді жазады. Әрі қарай мұғалім дәптердегі қалыптастырушы бағалауы бар тапсырманы орындауды ұсынады. Балалармен бағалау критерийлерін талқылайды. Мен:
Өткенмен жұмыс. Мұғалім оқушылардың қабілетіне қарай тапсырма береді. №9 тапсырма – логикалық жаттығуды орындау барысында мұғалім 15 минут сағаттың қандай бөлігін алатынын анықтайды. |
Қиылған дөңгелектер, қарындаштар, оқулық. |
|||
35–40
|
Рефлексия. Рефлексия жүргізу үшін балалар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді: сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:
|
Жетістік сызғышы. |