Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының каникул мерзімдері көрсетілген бұйрық жобасын порталында жариялады.
«Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталу, ұзақтығы мен каникул кезеңдерінің мынадай мерзімдерін айқындауды БҰЙЫРАМЫН: 2021-2022 оқу жылының басы – 2021 жылғы 1 қыркүйек», – делінген Білім министрлігі басшысының бұйрығында.
Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Мереке күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламалары мазмұнының интеграциялануын ескере отырып, қайталауға бөлінген сағаттардың есебінен келесі күндерге ауыстырылады.
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) сыныптарда:
күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1- қараша қоса алғанда) (өткен оқу жылында-10 күн) ;
қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарға дейін қоса алғанда),
көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда) (өткен оқу жылында-12 күн);
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).
2021-2022 оқу жылындағы жазғы демалыс 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін жалғасады.