"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қызылорда қаласына барғанда алған әсеріматты Эссе

05.09.2018

Қызылорда қаласына барғанда алған әсерім

              Қызылорда қаласына ең алғаш келген күні біз Қорқыт ата мұражайына бардық. Мұражайда көне заманнан келе жатқан аспаптар, заттар сақталған. Әсіресе домбыра, қобыз, құмыралар көздің жауын алады. Сапарымыздың келесі күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы саябаққа бардық. Саябақта әртүрлі гүлдердің хош иісі аңқиды. Осы экскурциямызда ең ұнағаны – Байқоңырды көру. Ол жерде зымырандарды, ғарыштағы ғарышкерлердің киетін киімін, ішетін тамағын,

тұратын жерлерін көрдік. Бұның барлығы мен үшін жаңалық болды. Экскурциямыз Қорқыт атаның мешітіне барумен жалғасты. Кейін Қорқыт атаның кесенесіне бардық.  Кесенеде тілек тіледік. Кесененің бір ғажабы –

қобыздың сарыны естіліп түрады екен.

             Қызылорда қаласына барып, өз көзіңмен көру – ғажап құбылыс екен.  Әсіресе мен үшін көптеген жаңалық болды. Әр күніміз қызықты, тартымды болды. Осындай ғажап қаланы көріп, білгенімді достарыммен бөлістім.

         

 

Елтай орта мектебінің

8-сынып оқушысы

Бауыржанұлы Тимур.

Просмотров: 492


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст