09.03.2021
Кабдина Куляш Касымовна Елтай орта мектебінде көп жылдар бойы еңбек атқарып, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар мен мемлекеттің гүлденуі жолында абыройлы еңбек атқарып еңбек демалысына шықты. Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол — шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік.
Құрметті Кабдина Куляш Касымовна Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңіліңізді нұрға, жүрегіңізді жырға бөлесін.