"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңес хаттамасы 27.02.2019

09.04.2019

Ельтай орта мектебі

Қамқоршылық кеңес отырысына

хаттама № 1 (көшірмесі)

 

27.02.2019ж.

 

Қатысқандар:  мектеп әкімшілігі,  

                            9  қамқоршылық кеңесінің мүшелері

                                              

Қатыспағаны: жоқ.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. 2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру;

2. «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы;

3. Материалдық көмекке мұқтаж оқушыларды анықтау;

4.  Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық  қағидаларын бекіту туралы №179 бұйрығы негізінде енуін талқылау;

Тыңдалды:

-   Күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша  Қамқоршылық кеңесінің төрайымы  Жанадилов Казахстан Халелович  Қамқоршылық кеңес мүшелері 9 адамнан құралады деп, оларды атап өтті, М. Жахмаш Өнер  (Никольск сокругінің әкімдік аппаратының бас маманы) - хатшы, Шакирова Айгүл Балгабаевна (медициналық  қызметкері) – ревизиялық комиссия төрайымы , мүшелері:Апи Батима (зейнеткер), Жанбакирова Зауреш Карабаевна (ата-аналар комитетінің төрайымы), Күжекей Серуен (жұмыссыз), Кушкумбаев Бауыржан Канатович  (учаскелік полиция аға лейтенанты),  Булешов Арман Сабиевич (жұмыссыз),  Уразбаева Ботагөз Жумагуловна (медициналық қызметкер). Сондай – ақ Қамқоршылық кеңесінің  жылдық жоспарының орындалуына тоқталып өтті. Қамқоршылық кеңес міндетінің бірі – мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады.  Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің қызмет тиімділігі– бұл бюджеттен тыс қаржыны тартудың тиімді, заңдылықты сауатты инструменті ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі, - деп сөзін аяқтады. 

 

     -   Екінші мәселе бойынша,  Қамқоршылық кеңес мүшесі А.Шакирова  өз сөзінде «Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 01.08.2018 жылғы «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы №03-3213 хатына сәйкес. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылы барысында  әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатындағы жұмыстарды қатаң назарда ұстау керектігіне тоқталды. Осы ауқымды іс-шараға байланысты  жоспардың орындалуына тоқталды. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықта ақпараттандыру, ауылымыздың көпшілік жерлеріне үндеу хаттар түрінде бұрыштар құрылып, шаруашылық қожалықтар мен ұйымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеу шығарылып, таратылғандығы туралы  айтты.

 

   - Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, ата-аналар комитетінің  төрайымы З.Жанбакирова сөзінде әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында рейд жүргізілді. Ең   бірінші жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға барып, қай баласы неге мұқтаж екендігін бақылап, содан кейін басқа да үйлерді араладық. Барлығына оқу құралдары, мектеп формасы, спорттық киімдері мен аяқ киімдермен қамтылғандығы анықталды.

 

   - Төртінші мәселе бойынша, мектеп директоры Ж.К.Шахатова «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері»  туралы сөз қозғады.  Биылғы оқу жылындағы республика бойынша 2,5 және 7 сынып оқушыларының жаңартылған білім мазмұнына сай бес күндік оқу жүйесін аптаға енгізілгенін және көшкенін айтты. Аталған сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өткендігін баяндады. Ендігі кезекте бес күндік оқу аптасы туралы шешімді мектеп әкімшілігі Қамқоршылық кеңес мүшелерімен ата – аналар қоғамдық кеңес мүшелерімен келісе отырып қабылданғанын айтты. Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнына жылдам серпіліс беріп, өзгерісті қажет ететінін айтып өтті.

 

  Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша мектеп директоры Ж.К.Шахатова Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Білім беру объектілеріне қойылатын талаптар санитарлық – эпидемиологиялық талаптар санитарлық қағидаларын бекіту туралы  №179 бұйрығы негізінде өзгерістер енгізілгендігін, сонымен қатар 127 – бабының тұжырымының өзгертілгендігін ерекше айтып өтті. 2018-2019 оқу жылынан бастап барлық білім ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 40 минуттан болатынын, 1-ші сыныптарға үй тапсырмасы берілмейтіндігі, қоңырау ұзақтығы 5 минут және 2,3 сабақтан кейін  30 минут немесе қалауынша 15 минуттан екі мәрте жасауға болатындығын түсіндірді. 

Шешімі:

1.Қамқоршылық кеңес жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіліп, жандандырылсын;

2.«Мектепке жол»  акциясы қарсаңында аз қамтылған, жартылай жетім және көпбалалы отбасынан шыққа оқушыларға көмек көрсету үшін демеушілермен жақын қарым – қатынас орнатылсын;

3.Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында рейд жұмысы жандандырылсын;

 

              Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                  Жанадилов К.Х

                                                    Хатшы:                             Жахмаш Ө

                                                 Мүшелері:                           Кушкумбаев Б.К.

                                                                                              Жанбакирова З.К.

                                                                                              Апи Батима

                                                                                              Шакирова А.Б.

                                                                                              Күжекей Серуен

                                                                                              Булешов А.С.

                                                                                       Уразбаева Б.Ж.           



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 09.04.2019 11:09
Құрылған күні: 09.04.2019 11:09

Текст