Елтай орта мектебінде мектеп буфеті жұмыс жасайды. Онда оқушыларға берілетін бәліш түрлері, құймақ, тәтті тоқаштар, сондай-ақ кептірілген жемістерден дайындалған компот пен шәй асханада дайындалады. Мектебімізде жағдайы төмен отбасынан шыққан 8 оқушы тегін тамақтандырылады. Мектеп оқушылары қайнатылған ауыз суымен қамтамасыз етілген. Мектеп әкімшілігі оқушылардың тамақтану кестесін құрып, үзіліс уақытында асханада кезекшілік ұйымдастырылған. Сонымен қатар мектеп мейірбекесі мектеп асханасының санитарлық жағдайын оқушылар талаптарына сай жабдықталғанын бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің сәйкестігін ас үй құжаттарының болуы мен толтырылуын, ас үй қызметкерінің жеке медициналық кітапшасын қадағалап бақылау жүргізіп отырады. Дайындалған тамақ сынамасы алынып, бракераждық журналға жазылады. Тәуліктік сынама алу мен сақтау үнемі ұйымдастырылып отырады. Ас бөлмелерімен құрал жабдықтардың санитарлық-эпидемилогиялық ережелер мен нормаларға сай санитарлық жағдайда болуын қамтамасыз етуі қадағаланады.