Текст
Бұл акция аясында Бұланды аудандық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес мектебімізде іс-шаралар ұйымдастырылып атқарылды.
Атап айтатын болсақ: сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен әр сыныпта «Я OFFLINE (оффлайн)» тақырыбындағы 2019 жылдың 27 қаңтар халықаралық ғаламторсыз күн атты республикалық балалар акциясы туралы түсіндірме және әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
Ал 1-4 сыныптар арасында тақырып бойынша оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп сурет салу жұмыстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар 5-11 сынып оқушылары арасында «Я OFFLINE (оффлайн)» тақырыбында эссе жазу конкурсы ұйымдастырылып оқушылар өз ойларымен бөлісті.