"Кәдімгі" балалардың ата-аналарын инклюзивті білім беруге дайындауды қалыптастыру
Ата-аналарды инклюзивті білім беруге дайындауды қалыптастыру кезіндеқандай негізгі сәттерге көңіл аударылуы тиіс?
Аталған жағдайда педагогтар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының негізі гуманизм идеясы, бір біріне деген сабырлылық пен төзімділік қағидаттары, өзара қолдау және көмек, сенім мен құрмет болып табылады. Аталған қағидаттар
- бірлескен қызмет пен қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыру үшін білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының мүдделерін ескеруді және қажеттіліктерін анықтауды;
- білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының жеке тұлғалық оң қасиеттеріне сүйенуді;
- ата-аналардың педагогқа деген сенімін;
- балаларды тәрбиелеуде педагогтың тәрбиеленушілердің ата-аналарын өзінің пікірлестері, одақтастары ретінде қабылдауын;
- отбасымен, ата-аналар және балалармен жұмыс істеу барысында туындайтын проблемаларды шешуге оптимистік жағынан қарауды;
- бала мен отбасының мүдделерін қорғауды, сондай-ақ білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының әр баланың тағдырына деген мүдделі қарым-қатынасын;
- отбасында "ерекше" балаларға деген мейірімділікпен, ізгілікпен және құрметпен қарау қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал етуді болжайды.
Ата-аналарды қарым-қатынас этикасымен таныстыру, кейбір келіссіз сөздерді
айтудан аулақ болуды және осыған өз балаларын баулуды үйрету қажет:
Қолдану керек! |
Аулақ болу керек! |
Көруі бұзылған адам |
Соқыр |
Естуі бұзылған адам |
Керең |
Мүгедектігі бар оқушы |
Мүгедек |
Физикалық бұзылушылығы бар бала |
Жарымжан |
Эмоциясы және мінез-құлқы бұзылған оқушы |
Ақылы дамымаған |
Зияткерлігі бұзылған бала |
Ақылы мешеу |
Арба қолданатын бала |
Арбаға таңылған |
Мүгедектері бар және ол жоқ адамдар |
Мүгедектер және сау адамдар |
Оқуға қабілеті жоқ бала |
Оқымаған |