"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанның жаһандық бастамаларындағы рөлі

08.01.2018

Қазақстанның

жаһандық бастамаларындағы рөлі

           Көпшіліктің қазақ еліміз жайлы пікірі мынадай: Қазақстан жас мемлекет, көп ұлтты мемлекет, жан – жақты мемлекет. Иә, жас екені шүбәсіз, дегенмен, 26 – жыл да аз емес. Түбегейлі өзгерістерге, қилы тағдырлар тоғысатын жыл аралығы. Осы уақыт ішінде Қазақстанның қандай өрлеу нәтижесін байқадыңыз?  Мен айтайын, Қазақстан – жаһандану дәуірінде. Бірақ, сол әлемде ойып тұрып орын аларлықтай дәрежелерге жетпегені анық.
         Жаһандық әлемде өзге елге дайын өнім шығарудан, шығарған жағдайда да төмен бағамен жіберіліп жатқанын көреміз. Дегенмен, 2015 – жылы елбасы Н.Ә.Назарбаев Париж қаласында “Жаһандық стратегиялық бастама

– 2045” жоспарын ұсынған болатын. Оның мәні : “қақтығыстардың түпкі себептеріне жол бермейтін бүкіләлемдік даму стратегиясын жасау”,- сөзін қорытындылаған еді. Осы жолда, яғни, жаһандық бастамаларында ең жоғары жетістігі деп санайтыным: Ядролық қарудан бас тартқаны. Ол қадамға барғанына осы жылы – 26 жыл толмақ. Және осы қадамын құптай отырып, ядросыз әлем құруды ұсынып отыр. Бұл – жаһандық бастамасындағы айырықша рөлінің бір көрінісі. Сонымен қатар, әлемдік аренада еліміздің мәртебесін біршама көтерген “Expo – 2017” халықаралық көрмесі болып өткен еді. Бұл көрменің халқымыз үшін берерінен, еліміз үшін берері көп. Халыққа керегі де сол емес пе еді? Әрине...  
          Айта берер болсақ,  оғаш тұсы да, ұтар тұсы да баршылық. Заманның ағысынан қалмай, жаһандану бастамаларында одан да жоғары деңгейге көтерсек екен дегім келеді.

          Қазақстан 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап БҰҰ ның қасындағы қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше ретінде төреағалық жасайды. Осы мәртебенің өзі Қазақ елі үшін жаһандану заманындағы рухани жаңғырудың осы

замандық келбеті деп түсінем

 

Елтай орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі: Народ Халамхан

Просмотров: 385


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст