Алма
Алма –раушангүл тұқымдасына жататын ,өте кең тараған жеміс ағашы.Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі.Олардың 10-12 –сінің шаруашылық маңызы бар.Қазақстанда 40 астам алма сорттары өседі.Оның 20-сын Қазақстандық селекционерлер (Салтанат.Іле,Алатау шапағы ,Алматы т.б.)өсіріп шығарған.Алма жемісі тасымалдауға,сақтауға жарамды,тағамдық заттарға бай,дәмді келеді әрі жақсы өңделеді.Алманың құрамында 83-88 % су,7,5-16 % қант,0,2-0,8 % қышқыл,9,5-11,5%құрғақ қалдық, ,0,28-1,0 % емдік заттар. А,В1,В2,В6,С,РР витаминдері бар.Шырынынан сусын,шарап дайындайды,Жемісін емдік дәрі ретінде де , адам ағзасын ауыр металл заттарынан тазалауға,қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алманың зиянкестері :алма жегіші,алма биті,шие бізтұмсығы,гүлшегіш.
Алма аурулары: алма қотыры,ақ ұнтақ,жеміс шірігі.
Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-10 жыл,биіктігі 3-10м болады.3-12 жылда жеміс береді.Әр гектардан 100-300 ц өнім алынады.Алманың жаздық,күздік,қыстық сорттары бар.
Ағылшындар «Күніне бір алмадан жесеңіз,дәрігер керек болмайды.» дейді екен.
Алмамен әр түрлі емдерді емдеу жолдары халықтық
медицинада кеңінен қолданылады.Мысалы:
Жөтелден
Кепкен үгітілген бір ас қазық алмаға бір стақан ыстық су құю керек.Содан соң 5 минут баяу отта қайнатып, 30 минут тұндырғаннан соң , сүзу керек.Бір қасық бал қосу керек.Ас ішерден 30 минут бұрын ішу керек.
Тамақ ауырғанда
3 алма мен орташалау 1 пиязды тазалап ,ұнтағыштан өткізіп алғаннан соң бал қлсу керек.3 шай қасықтан 3 мезгіл ішу керек.
Тамақ қарлығып,қатты жөтел буған кезде
3 алманы ұсақтап турап, 1 литр суда 35 минут қайнату керек.Күніне ыстықтай 2-3 мезгіл ішу керек.
Денсаулықты нығайту үшін
Күніне бір алмадан жеп отыру қажет.
Алма ауыз қуысын тазалауда тіс мәйегінен кем емес.
Алма жемісінің қабығы да ,тұқымы да ,алма ағашының қабығы да пайдалы болып келеді.
Қан аздығында
Консервіленген алма шырынын ішіп болғаннан соң қалған алма қабығы мен ортасын кептіріп алып, ұнтақтау керек.Шыққан ұнтақты қантпен араластырып,шыны ыдыста беті жабылған күйі сақтау керек.Бір қасық осы ұнтақты бір стақан ыстық сумен араластырып ішу керек.
Йод жетіспегенде
Алманың тұқымын жақсылап шайнап,жеу керек.(8 алма тұқымында тәуліктік йод мөлшері бар.)
Жарақаттанғанда
4 қасық ұнтақталған алма ағашының қабығын жарты литр ыстық су қосып, бір сағат тұндырып .кейін сүзіп,жарақатталған жерлерді шайып отыру керек.
Алма – қуаттың , сергектің , жастықтың көзі. Осыдан 3-4 мың жыл бұрын көне Грецияда алма бақтары керемет дамыған.Кейін Батыс Еуропаға тараған.ХІ ғасырда орыс жерінде де алма өсіре бастаған.Әйгілі апорт біздің елімізде ХІХ ғасырда осы Ресейден әкелінген.Қазір Алматы апортын дүние жүзі біледі.
Алмада 12 түрлі витамин ,яғни «витамин әліппесі» түгелге дерлік табылған.Ағзаға қажетті микроэлементтнр де жетерлік.Әсіресе, фосфор көп.Сондықтан жүйке талшықтарының жұмысын жақсартуға таптырмайтын ем.Алманың шипалығы бұл заттармен ғана шектелмейді.Алма қабығында пектин заттары көп.Олар ағзадағы зат алмасу кезінде пайда болатын улы заттарды бойына сіңіріп алады.Қысқасы алманың өзі тұрмақ,қабығы да пайдалы.
Ауласында алма бағы бар адамның денсаулығы да жақсы деп айтуға негіз бар.
Ең үлкен алма
Бүгінде әлемдегі ең үлкен алма жемісі 1 кг 849 грамм салмақты тартатын көрінеді.Оны Хиросаки (Жапония) қаласының фермері Чисато Ивасаки өз бағында өсіріпті.