"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» «Оқушы Мотивация қалыптастыруда жүзеге асырылатын әдіс тәсілдер»

07.11.2019

Елтай орта мектебінде 28.10 күні педкеңесте «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру  жолдары»

«Оқушы Мотивация қалыптастыруда  жүзеге асырылатын әдіс тәсілдер» тақырыптарында баяндама оқылды. Баяндама оқымас бұрын ұстаздарға  мынадай сұрақтар таратылды:

1.Өзіңіздің тәжірибеңізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолында  қандай әдіс-тәсілдерді  қолданып жүрсіз?Нәтижесі қандай?

2. Өз сабағыңызда оқушының іс-әрекетін мотивациялау үдерісін қалай жүзеге асырып жатырсыз? Тәжірибеңізбен бөліссеңіз.

3.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолында оқушы бойынан қандай өзгешелік байқадыңыз? Мысал келтіріңіз.

Сұрақтарға ұстаздар өз тәжірибелерінен мысал келтіре отырып жауап берді.

Сонымен қатар тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Бандамашылар қосымша слайд көрсету арқылы тақырыпты толықтырды.Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмін бөліп қарауға болады.

Бірінші механизм – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту

екінші механизмі - оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту.

үшінші механизмі ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Төртінші механизм - қосымша білім беру жүйесін дамыту.

Мотивация (ағылшын. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым.

  Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

 

Просмотров: 859


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст